Жетісу тұрғыны полицейді шапалақпен ұрғаны үшін жазаға тартылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі өзгерді
Жетісу тұрғыны полицейді шапалақпен ұрғаны үшін жазаға тартылды / Фото: kursiv.media коллажы, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаратал ауданында жергілікті тұрғын учаскелік инспекторға шабуыл жасағаны үшін екі жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға учаскелік инспектор «102» пультіне түскен шақырту бойынша келген кезде болған. Ер адам полиция қызметкеріне агрессия көрсеткен.

«Ол полицейдің бетінен алақанымен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алған және погонын зақымдаған», – деп хабарлады прокуратурадан.

Ведомство мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынғанын атап өтті. Істі қарау қорытындысы бойынша сот оған екі жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сотталған азамат мәжбүрлі еңбекке де тартылды. Бұдан бөлек, мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді. Прокуратура құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты кез келген заңсыз әрекеттер қатаң жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертті.

«Үкім заңды күшіне енді», – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында билік өкілін, атап айтқанда полиция қызметкерлерін қорлаған ер адам жазаға тартылғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз