
Әділет министрлігі іштегі баланың әкесі кім екенін анықтайтын жабдық сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
Сөзінше, орталық ДНҚ сараптамасын жүргізетін құрылғы сатып алуды жоспарлап отыр. Құрал-жабдық жол апатынан, зорлық-зомбылықтан қайтыс болған адамның түр-әлпетін, көзі және шашының түсін анықтауға мүмкіндік береді.
«Сараптама саласындағы жаңа бағыт – жүктіліктің жетінші айында іштегі нәрестенің әкесі кім екенін анықтау мүмкіндігі. Ол үшін құрал-жабдықты сатып алу қажет», – деді Байтілесов.
Бұған дейін орталық директоры елде филологиялық сараптама жүргізетін маман тапшы екенін айтты.