Ақбаянның сараптамасы дайын ба – министрлік пен прокуратура екі түрлі жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақбаян Мұқанғалиева
Атырауда бір отбасыны өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталды / фото: Атырау облысы полиция департаментінен

Атырау облысында төрт адамның қазасынан кейін айып тағылған күдіктелірге 11 сараптама жүргізіліп, нәтижесі дайын болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрлігі сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов айтты.

Брифингте KursivMedia тілшісі «Атыраудағы төрт адамның қазасынан кейін елге жеткізілген Ақбаян Мұқанғалиеваға сот-психиатриялық сараптама тағайындалғаны белгілі. Алайда қорытындысы әлі шықпаған. Бұған не себеп болып отыр?» деп сұрады.

«Бұл іске қатысты 11 сараптама тағайындалды. Барлығы өз мерзімінде, уақытында аяқталды», – деді Байтілесов.

Орталық басшысы сараптама қорытындысын жариялай алмайтынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы прокуратурасы Ақбаян Мұқанғалиева жүргізілген сараптама қорытындысы шықпағанын мәлімдеді. Соған байланысты Мұқанғалиеваның әрекетіне құқықтық баға берілмеген.

Сондай-ақ оқыңыз