Ақтөбе қаласында көп қабатты тұрғын үй өртенді
Жарияланды

13 мамырда таңертең Ақтөбе қаласының Сәңкібай Батыр даңғылында орналасқан көп қабатты тұрғын үй өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен уақытта қатты түтін шығып жатқан. Құтқарушылар екінші қабаттағы пәтерде 5 шаршы метр аумақта өртеніп жатқан үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды жедел түрде сөндірген.
Олар баспалдақ пен автосаты көмегімен алты адамды, оның ішінде үш баланы құтқарды. Сонымен бірге 72 адам өз бетінше далаға шықты.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт неден тұтанғаны анықталып жатыр.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.