Health

Елде филологиялық сараптама жүргізетін небәрі 28 маман бар

Елде сараптама жүргізетін 1 200 адам бар/фото: shutterstock

Елде филологиялық сараптама жүргізетін маман тапшы. Бұл туралы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Сөзінше, елде 1 200-ден астам сот сарапшысы жұмыс істейді. Ішінде тек 28-і ғана филологиялық сараптама жүргізуге маманданған.

«28 маман қазақ және орыс тілінде филологиялық сараптама жүргізеді.  Статистикаға сүйенсек, 2025 жылы шамамен 2200 филологиялық сараптама жүргізілген. Оның 60 пайызы қазақ тілінде, ал 40 пайызы орыс тілінде өткізілген», – деді Байтілесов.

Айта кетейік, Астанада 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев пен марқұм Салтанат Нүкенованың бауырлары соттасты. Аружан Бишімбаева Айтбек Амангелді туралы әлеумететтік желідегі парақшасында жазған. Артынша айтылған сөзде ар-намысына тию белгілері бар-жоғына сараптама жүргізілген.