iPhone 18 Pro қандай болады, бағасы ше

iPhone 18 Pro жедел жады дағдарысына қарамастан «агрессивті» бағамен шығуы мүмкін.
Агрессивті сауда дегеніміз – нарықта қысқа мерзімде барынша көп пайда табуды көздейтін тәуекелді қадам.
MacRumors ақпаратына қарағанда, соңғы кездері жедел жады микросхемаларының тапшылығы байқалады. Бұл Android смартфондарын өндірушілерді бағаны көтеруге мәжбүрлеп жатыр.
Бағасы қандай болады
Сарапшылардың пікірінше, Apple бұл жағдайды жаңа iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max модельдерін таныстыру кезінде тиімді пайдалануы мүмкін.
Айталық, GF Securities жариялаған аналитикалық жазбада сарапшы Джефф Пу «Apple компаниясы iPhone 18 Pro модельдері үшін «агрессивті баға стратегиясының» арқасында смартфон нарығында жоғары нәтиже көрсетеді» деп болжам айтқан. Бұған дейін ол iPhone 18 Pro модельдерінің бастапқы бағасы iPhone 17 Pro-мен бірдей болады немесе сәл ғана өсуі мүмкін деп күткен еді. Айталық, Қазақстанда iPhone 17 Pro бағасы –793 мың теңгеден, iPhone 17 Pro Max 872 мың теңгеден басталады.
Ерекшеліктері қандай
Екі құрылғы да 12 ГБ жедел жадымен жабдықталған. iPhone 18 Pro модельдері де дәл осындай жедел жады көлемін сақтауы мүмкін.
iPhone 18 Pro модельдерінің кішірейтілген Dynamic Island модулі, бұрынғыларынан жылдамырақ A20 Pro чипі, кемінде бір артқы камера үшін айнымалы диафрагмасы, жеңілдетілген камера басқару батырмасы болады. Сондай-ақ, жерсерігі арқылы 5G қолдау көрсетіледі. «Қара шие» (Dark Cherry) арнайы түсімен және басқа да жаңа функциялармен жабдықталады.
Apple iPhone 18 Pro модельдерін қыркүйек айында таныстырады деп күтіліп отыр. Ал iPhone 18 және iPhone 18e шамамен 2027 жылдың наурызында алғаш рет сатылымға шығуы мүмкін.
Айта кететін жайт, iPhone 17 Apple тарихындағы ең танымал модельге айналды.