Оралда міндетін атқару кезінде зорлық жасады деген күдікпен полицей ұсталды

Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда полиция қызметкері бойжеткенді зорлады деп күдіктелуде, ол қамауға алынды, деп хабарлайды «Мой город«.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда Абай полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде бойжеткенді зорлады деген ақпарат тарады. Полицей көршілердің шуға шағымдануы бойынша пәтерге шақыртуға барып, сол жерде жәбірленушіні зорлаған.
Орал қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі полиция қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ол уақытша ұстау изоляторында отыр, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды.
Осыған дейін Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. Осыдан кейін полицейлер жұмыстан шығарылған.