Серхио Рамос «Севилья» футбол клубын сатып алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: instagram

«Реал Мадрид» пен Испания құрамасының аңызға айналған қорғаушысы Серхио Рамос «Севилья» футбол клубының жаңа қожайыны атанды.

Танымал журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо өзінің әлеуметтік желісінде 40 жастағы испандық қорғаушы «Севильяны» сатып алғанын растады.

Келісімшарттың егжей-тегжейі

Келісімнің толық мәліметтері жарияланбады, бірақ бүкіл процесті Рамостың ағасы Рене қадағалағаны белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сатып алу сомасы 450 млн еуроны құраған. Қазіргі таңда тараптар ресми жарияланым алдында соңғы ұсақ-түйек мәселелерді реттеп жатыр.

Рамос үшін бұл клубтың орны бөлек

Рамос футболдағы жолын дял осы «Севильяда» бастаған. Клуб академиясының барлық сатысынан өтіп, 2002 жылы Испанияның жоғарғы дивизионында алғашқы қадамдарын жасады. 2005 жылы Серхио «Севильядан» «Реал Мадридке» ауысты. 2024 жылы туған клубына бір маусымға қайта оралып, кейін еркін агент ретінде кеткен болатын.

Қазіргі таңда «Севилья» Ла Лиганың биылғы маусымында 35 турдан кейін 13-ші орында келе жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду испаниялық «Альмерия» клубының 25% акциясын сатып алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз