Жаңалықтар

Серхио Рамос «Севилья» футбол клубын сатып алды

фото: instagram

Реал Мадрид пен Испания құрамасының аңызға айналған қорғаушысы Серхио Рамос Севилья футбол клубының жаңа қожайыны атанды.

Танымал журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо желідешгі парақшасында 40 жастағы испандық қорғаушы Севильяны сатып алғанын растады.

Келісімшарттың егжей-тегжейі

Келісімнің толық мәліметтері жарияланбады, бірақ бүкіл процесті Рамостың ағасы Рене қадағалағаны белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сатып алу сомасы 450 млн еуроны құраған. Қазіргі таңда тараптар ресми жарияланым алдында соңғы ұсақ-түйек мәселелерді реттеп жатыр.

Рамос үшін бұл клубтың орны бөлек

Рамос футболдағы жолын дәл осы Севильяда бастаған. Клуб академиясының барлық сатысынан өтіп, 2002 жылы Испанияның жоғары дивизионында алғашқы қадамдарын жасады. 2005 жылы Серхио Севильядан Реал Мадридке ауысты. 2024 жылы туған клубына бір маусымға қайта оралып, кейін еркін агент ретінде кеткен болатын.

Қазіргі таңда Севилья Ла Лиганың биылғы маусымында 35 турдан кейін 13-ші орында келе жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду испаниялық Альмерия клубының 25% акциясын сатып алған еді.