Спорт ардагерлері министрлікпен соттасып, жеңіп шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock

Қостанайда спорт ардагерлері ақшалай сыйақы төлеуден бас тартқан министрлікпен соттасып, жеңіп шықты.

Бұл туралы Қостанай соттары хабарлады.

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында екі спорт ардагерінің Туризм және спорт министрлігіне қарсы сыйақы төлеуден бас тартуды заңсыз деп тану талабы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Талап-арыз иелері 2014 және 2019 жылдары әлем чемпионаттарына қатысып, дзюдодан, еркін күрестен, грек-рим күресінен жүлделі орындар алған.

Министрлік ардагерлердің ұлттық құрама құрамына кірмейтінін алға тартқан. Алайда сот заңнамада ардагерлерге сыйақы төлеуге тыйым жоқ екенін және мұндай бөлу қарастырылмағанын анықтады.

Сондай-ақ спортшылар жарыстарға ресми қатысып, жүлде алғаны дәлелденген. Нәтижесінде сот талапты қанағаттандырып, апелляция шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Мұның алдында Жамбыл облысында сот үкімімен полицияны қорлаған ер адам жазаға тартылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз