Тағы бір круиздік лайнердің 1200 жолаушысы карантинге жатқызылды

Францияның Бордо портында Ambition круиздік лайнерінің бортындағы 1700-ден астам адам карантинде қалды. Круиз кезінде онда норовирус симптомдары (құсу және диареямен қатар жүретін инфекциялық ауру) бар 90 жастағы жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды BBC.
Лайнер бортында 1200-ден астам жолаушы және тағы 500-ден астам экипаж мүшесі болған.
Ambassador Cruise Line компаниясы сот-медициналық сараптама әзірге өлімнің нақты себебін анықтамағанын хабарлады. Франция Денсаулық сақтау министрлігі лайнер бортындағы тағы шамамен 50 адамда норовирус симптомдары бар екенін айтты.
Бордо билігі үш жолаушының өз каюталарында оқшауланғанын, ал қалғандарын жағаға шығармай жатқанын мәлімдеді.
Кемеде күшейтілген дезинфекция жүргізіліп жатыр.
Круиз 6 мамырда Шетланд аралдарынан басталған, кейін кеме Бордоға келгенге дейін Белфаст пен Ливерпульге тоқтаған. Ambition жолаушыларында норовирус симптомдары кеме Ливерпульде болғаннан кейін пайда болған, ал аурудың өршуі 11 мамырға тұспа-тұс келді.
Айта кетейік, осыған дейін әлемнің түрлі елдері қауіпті хантавирус тараған MV Hondius круиз лайнерінің жолаушыларын іздестірілген еді.