Таиланд барлық шетелдік туристер үшін визасыз мерзімді 30 күнге қысқартады

Таиланд үкіметі 60 күндік визасыз болу мерзімін 30 күнге дейін қысқартады. Бұл қазақстандық туристерге де қатысты болмақ. Бұл туралы Таиландтың Сыртқы істер министрі Сихасак Фуангкеткеоу мәлімдеді.
«Біздің ойымызша, 60 күн – тым ұзақ мерзім. Кейбір адамдар бұл жеңілдікті туристік емес, басқа заңсыз мақсаттарда пайдаланып жүр. Сондықтан бақылауды күшейткіміз келеді», – деді Таиланд СІМ басшысы.
Айта кетейік, бұл ұсынысты ел билігі осыған дейін де әзірленген болатын. Алайда сайлауға байланысты оны жүзеге асыру кейінге шегерілген.
Сыртқы істер министрінің айтуынша, туристердің елде болу мерзімі, негізінен, 30 күннен аспауы керек, ал виза шарттары сапар мақсатына сай келуі тиіс.
Сихасак бұл өзгерістердің тек бір елге емес, барлық шетелдік туристерге бірдей қатысты болатынын айтты. Сонымен қатар, Таиланд билігі виза санаттарын қайта қарауды жоспарлап отыр, себебі қазіргі таңда олардың саны тым көп.
Еске салсақ, осыған дейін Таиланд үкіметі 93 елдің, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін де визасыз режим мерзімін қысқартатынын мәлімлеген еді.