Алматыда дабыл қағылды
Жарияланды

Бүгін 11:00-де Алматыда сейсикалық жаттығу өтіп, дабыл қағылды. Сондай-ақ, тұрғындарының смартфондарына «Ұлттық хабарландыру» жүйесі арқылы арнайы дабыл сигналы келді. Бұл хабарлама қала тұрғындары арасында біраз толқу тудырғанымен, құзырлы органдар мұның жоспарлы шара екенін ескертті.
«Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласы азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіп жатыр. Сабыр сақтауды сұраймыз», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ-қытай шекарасына жақын маңда жер сілкінген еді.