
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық барысында ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы айтарлықтай төмендеді. АҚШ валютасы бірден бірнеше позицияға жоғарылап отыр.

Биржадағы жағдай
14 мамырда Астана уақытымен сағат 11:29-дағы мәліметке сәйкес, доллар бағамы 475,30 теңгеге дейін өсті. Осылайша, шетелдік валюта құны алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда бірден 5,75 теңгеге қымбаттаған. Бұл – соңғы уақыттағы байқалған күрт секірістердің бірі.
Биржадағы жағдай қалалардағы нақты валюта нарығына да тікелей әсер етті. Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарындағы бағам төмендегідей қалыптасып отыр:
- Сатып алу: 473-474 теңге.
- Сату: 476 – 478 теңге аралығында.
Еске сала кетейік, Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық Банкі алдағы мамыр айында ішкі валюта нарығында 400-500 миллион доллар көлемінде шетел валютасын сату жоспары бар екенін мәлімдеген.