«Көкем зорлады» деген Нұрғали Нұғман тақырыпқа нүкте қойды
Жарияланды

Бұған дейін желіде «көкем зорлады» деп ашық мәлімдеме жасап, қоғамды дүр сілкіндірген Нұрғали Нұғман енді мәселені талқылаудан үзілді-кесілді бас тартты.
Нұрғали Нұғманның айтуынша, тақырыпты көтеру оған оңайға соқпаған. Ол өзінің жан жарасын көпшілікке жария ете отырып, ішіндегі ауырлықты босатқысы келгенін айтады.
«Мен енді жан жарамды қайта қозғап, өткенді қайта ақтарғым келмейді. Өткен дүние өтті», – деп жазды жазбасында.
Жақынымнан зорлық көрдім деген Нұрғали жағдай «Балапан» телеарнасында жұмыс істеп жүргенде болды деген еді. Алайда кейін арна ұжымынан жаңсақ пікір қалыптастырғаны үшін кешірім сұрады.
Айта кетейік, шулы оқиғаны полиция бірден бақылауға алған.