Lifestyle

Мадонна, Шакира және BTS Әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

ЧМ футбол 2026
коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

FIFA футболдан әлем чемпионатының финалында алғаш рет ауқымды шоу ұйымдастырмақ. Финалдық бәсеке алдында Мадонна, Шакира және BTS тобы өнер көрсетеді. Бұл туралы Coldplay тобының фронтмені Крис Мартин мен «Маппеттер» шоуының кейіпкері Элмо хабарлады.

Финал қайда өтеді?

Әлем чемпионатының ақтық мәресі 2026 жылғы 19 шілдеде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы MetLife Stadium стадионында өтеді. FIFA мәліметінше, 2022 жылғы финалды 500 миллионнан астам адам тамашалаған.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусымда АҚШ, Канада және Мексика елдерінде басталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлем чемпионатын Қытайда көрсетілмеуі мүмкін екенін жазған едік.