Зейнетақы жинағындағы қаржының жеткілікті шегі қаншаға көтерілетіні белгісіз

Үкімет зейнетақы шотында қалуы тиіс қаржы шегін көтереді. Алайда жеткілікті шек нақты қаншаға артатыны әлі белгісіз.
Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаевтың айтуынша, қазір осы мәселе Ұлттық банк, басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе талқыланып жатыр.
«Жеткілікті шек қаншаға көтерілетінін нақты айта алмаймын. Салалық министрлік ретіндегі міндетіміз – азаматтардың қартайғанда жақсы зейнетақы алуын қамтамасыз ету. Сол үшін зейнетақы қорында қанша қаржы жинақтау қажет екенін қазір есептеп жатырмыз», – деді шенеунік.
2026 жылы зейнетақы жинағынан ақша алу үшін жеткілікті шек 10 пайызға артқаны белгілі.
Оған қоса жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қордан қаржы алу тәртібін өзгерту туралы қаулы жариялаған.
Соған сәйкес, бұрын жеткілікті шек белгілі бір көрсеткіштерге негізделсе, ендігі жерде «кейінге қалдырылған өмірлік зейнетақы аннуитетінің» құнына байланатын болады.
Ұлттық банк те зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруді қолдайды. Өйткені ол жоғары болса, зейнетақы қорынан қаржы алу қиындайды.