Жасанды интеллект 400 мың қазақстандықты жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Министрлік алаңдауға ерте екенін жеткізді / Фото: Shutterstock

Алдағы 10 жылда жасанды интеллектіні белсенді енгізу салдарынан елде 300-400 мың адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Мұндай болжамды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасаған.

Вице-министр Ербол Тұяқбаевтың айтуынша, елде жұмыс орындары қысқарады. Тізімге бухгалтер, заңгер секілді мамандар енген. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы шамамен 300-400 мың жұмыс орны қысқарады деп болжаған.

Алайда алаңдауға ерте, министрлік сұранысқа ие жаңа мамандықтарды меңгеру бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Жыл басынан бері 186 мың адамды басқа мамандықтарға қайта оқыттық», – деді вице-министр.

Бұған дейін президент «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Құжат елдің білім беру саласын цифрлық дәуірдің талаптарына сай трансформациялауды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыз