Білікті электр табу қиын: биыл қай мамандықтарға сұраныс жоғары

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: Shutterstock

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Қазақстанда қандай мамандық иелеріне сұраныс жоғары екенін мәлім етті.

Оның мәліметінше, тек Enbek.kz платформасының өзінде 112 мыңға жуық бос жұмыс орны бар. Бұған өзге платформалардағы бос орындар кірмейді.

«Қазір техникалық мамандықтарға, инженерлерге сұраныс жоғары. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтарына да сұраныс бар. Өздеріңіз білесіздер, 2025 жылды Мемлекет басшысы Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырып жатырмыз және бұл мамандықтарға сұраныс әлі де сақталып отыр», деді Тұяқбаев.

Вице-министр атап өткендей, жұмыс табуда қызметкердің білімі мен тәжірибесі өте маңызды рөл атқарады.

«Жақсы білікті стоматологты, электрикті немесе еден төсеушіні табу оңай емес. Барлығы адамның біліктілігіне байланысты. Егер адам өз ісін жетік меңгерген, барлық бағытты білетін, жұмысын 100% орындай алатын және компанияның дамуына үлес қоса алса, оған соған сай жалақы да төленеді», деп түсіндірді вице-министр.

Айта кетейік, Қазақстанда 2026 жылы жұмыссыздық деңгейі былтырғы мөлшерде – 4,6% шамасында сақталып тұр. Шамамен 430 мың адам жұмыссыз жүр.

Сондай-ақ оқыңыз