Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркістанға келді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ильхам Әлиев Түркістан қаласына ұшып келді
Түркі саммитіне қатысатын қонақтар Түркістанға жиналып жатыр / фото: Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына келді. Оны мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров күтіп алды.

Түркістандағы Әзірет Сұлтан атындағы халықаралық әуежайда Әзербайжан президентін құрмет қарауылымен салтанатты түрде күтіп алды. Әлиевті түркі елдерінің форумына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шақырды, делінген Әзербайдан президентінің сайтында жарияланған мәліметте.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та Түркістанда жүр. Оны да әуежайдан Қарин күтіп алды.

Президент ұшағы әуежайға қонған уақытта Тоқаев пен оның өзбек әріптесі Шавкат Мирзиеёв Түркістанның жаңа мешітін аралап жүрген.

Саммит 15 мамырда Астана уақытымен сағат 15:30-да Конгресс Холл ғимаратында өтеді. Басты тақырыптарының бірі – «Жасанды интеллект және цифрлық даму». Ірі форумнан ақпарат тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдарының 500 өкілі Түркістанға жиналды. Олар саммит өтетін ғимарат жаңындағы Woosong университеті баспасөз орталығында отыр.

Сондай-ақ оқыңыз