Қарағандыдан Балқашқа жиі қатынайтындар үшін жағымды жаңалық жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Пойыз маусымнан бастап қатынайды / Фото: Қазақстан теміржолы

Маусымнан бастап Қарағанды – Балқаш бағытында жолаушылар пойызы қатынайды.

«Қазақстан темір жолы» хабарлауынша, №220/219 «Қарағанды – Балқаш» бағытының жалпы ұзақтығы – 472 шақырым. Жолда 19 аялдама бар. Пойыз күнара, тақ күндері қатынайды.

Пойыз Қарағанды станциясынан таңғы сағат 6:00-де шығып, Балқаш станциясына 12:48-де жетеді.

Балқаш станциясынан 13:45-те шыққан пойыз Қарағандыға 20:53-те жетеді.

Пойыз Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек, Сарықұм станциялары арқылы жүреді. Жалпы 6 вагон бар: ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны қарастырылған. Ішінде шамамен 300 орын бар.

Билетті bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.

Айта кетейік, Астана-Омбы халықаралық маршрутында RWS Wagon өндірісінің 45-ші үлгідегі жаңа жолаушылар вагондары қатынай бастады. Пойыз аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды.

Сондай-ақ оқыңыз