Lifestyle

Желіден жоғалып кеткен Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі мәлімдеме жасады

фото: instagram

Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары арасында Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі қызу талқыға түскен еді. Танымал әзілкештің екінші әйелі Айман Талғатқызы Инстаграм парақшасынан жоғалып кетуі мен Тұрсынбектің парақшасында Мөлдірмен бірге түскен ескі суреттердің жариялануы түрлі қауесеттерге себеп болды.

«Инстаның болмағаны да бір рахат екен»

Бірнеше күн бойы байланысқа шықпаған Айман желіге қайта оралып, оқырмандарына мән-жайды түсіндірді. Оның айтуынша, парақшасы уақытша бұғатталып (блок), осы сәтте отбасымен демалыста болған.

«10 шақты күн бойы инстаграмсыз бір жақсы демалыс болды. Ойда жүрген шаруаларға көңіл бөліп, бала-шағаға уақыт бөліп, отбасымызбен демалысқа шығып, бір рухани азық алдық», – деп жазды сторис бөлімінде.

Желі қолданушылары «Тұрсынбек бірінші әйелімен қосылып кетіпті» деген болжамдар айтып жатқанда, ерлі-зайыптылар Баянауылдың әсем табиғатында демалып жүрген.

«Тредстегі апамдар, шәйларыңды суытпай үйлеріңе қайтыңдар. Ө-терапия бітті» деген әзіл аралас ескертуі желідегі «өсекшілерге» тікелей жауап болғандай.

Осылайша, Тұрсынбектің екінші әйелі желіде тараған қауесеттерге нүкте қойды.