Түркі елдерінің ортақ терминологиялық комиссиясы құрылуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock, коллаж: Ахтам Зиперов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдеріне ортақ мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынды. Бұл туралы ол Түркістанда өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті кезінде мәлім етті.

Мемлекет басшысы қазіргі технологиялық даму мен гуманитарлық ықпалдастық кезеңінде түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ғылыми байланыстарды күшейтіп, ортақ білім кеңістігін дамытуға мүмкіндік береді.

«Жақында Түркі академиясы ағылшын, орыс және түркі тілдерінде сегіз томдық терминологиялық сөздікті жарыққа шығарды. Бұл жұмыс терминдерді бір ізге келтіруге және ортақ ғылым кеңістігін нығайтуға ықпал етпек. Осы орайда, кеңеске мүше елдердің тиісті мекемелерінің өкілдері, ғылыми сарапшылары кіретін мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынамын», – деді Президент.

Тоқаев бұдан бөлек, Түркістанда Түркі өркениеті орталығын құру туралы бастама көтерді.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия президенттері қатысып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз