Астанадағы LRT пойызы орта жолда тұрып қалған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Пойыз 5 минутқа тоқтаған / Фото: shutterstock

Астана тұрғындары LRT пойызының орта жолда тұрып қалғанын жазады. Threads әлеуметтік желісінде жариялаған видеодан вагон толы адам пайыздың қайта жүргенін күтіп отырғанын байқауға болады.

Фатима Гафурова есімді жолаушы:

«ЛРТ-да тұрып қалдық», – деп видео жүктеген. Дегенмен, пойыз бес минуттан соң қайта қозғалған.

Посмотреть в Threads

Алайда пікірде пойыз өздігінен тұрып қалмайтынын, тек жолаушылардың көптігінен есік жабылмай қалуы мүмкін екенін жазады.

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі қызметін 16 мамырдан бастаған. Оның алғашқы жолаушысы Қасым-Жомарт Тоқаев болды.

Жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайтын LRT желісінде 18 станса мен заманауи депо қарастырылған. Қазір жолға 15 пойыз шыққан, қалғаны резервте тұр. LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға арналған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді.

Сондай-ақ оқыңыз