Ерлан Қарин: «Қазақтың прайм-эрасы басталғанына кәміл сенемін»

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүгінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтиже бере бастағанын атап өтті.
Оның айтуынша, өңірлерде жаңа автожол мен теміржолдар, әуежай мен сапаржайлар, көпірлер және басқа да инфрақұрылымдық жобалар іске қосылып, халық олардың жемісін көре бастады.
«Бұл жобалардың игілігі ең алдымен қарапайым жұртшылыққа арналған. Президенттің де ұстанымы – осы. Яғни, ең алдымен ел мүддесі мен халық үшін жағдай жасау», – деп жазады Қарин.
Елдегі мұндай оң өзгерістер мен тың жобалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, әлі талай игі жаңалықтар жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, Ерлан Қарин Президент саясатының бірден-бір үлкен жетістігі ретінде қоғамдық санада басталған өзгерісті атады.
Осы ретте Мемлекеттік кеңесші ел болашағына қатысты өз пайымын білдіріп:
«Бүгінде жастарымыз айтып жүргендей қазақтың прайм-эрасы басталғанына өз басым кәміл сенемін», — деп түйіндеді.
16 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосып, алғашқы жолаушысы болды.