KazAID мекемесі былтыр топ-менеджерлеріне 50 млн теңге сыйақы төлеген

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: .shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басшылары 2025 жылы 52 млм теңге көлемінде сыйақы алған. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийіндегі хабарламада жазылған.

Соған сәйкес, мекеменің Аркен Арыстанов, Олжас Сыздыков, Қарлығаш Ахметова және Бекзат Жақыпов сынды топ-менеджері былтыр жалпы 12 млн теңгедей жалақы алған.

KazAID – мемлекеттің шетелдерге көрсететін ресми көмегін үйлестіретін арнайы коммерциялық емес акционерлік қоғам.

Ұйымның басты мақсаты -қиын жағдайда қалған мемлекеттерге қол ұшын созу, халықаралық серіктестікті нығайту және Қазақстанның ізгілік имиджін қалыптастыру.

Жақында KazAID ұйымдастыруымен Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді.

Сондай-ақ оқыңыз