Беларусь пен Ресей ядролық қару қолдану сценарийлерін пысықтап жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Беларусь қорғаныс күштері ресейлік әріптестерімен бірлесіп ядролық әскери жаттығу өткізіп жатыр.  

Бұл туралы Белта ақпарат агенттігі хабарлады.

Беларусь Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаттығулар 18 мамырда басталған. Оған зымыран әскерлері мен авиация бөлімдері қатысуда.

Негізгі мақсат – әскери бөлімдердің арнайы оқ-дәрілерді қолдануға дайындығын тексеру, сондай-ақ ядролық қаруды қолдану сценарийлерін пысықтау.

«Жаттығу барысында Ресей тарапымен бірге ядролық оқ-дәрілерді жеткізу және оларды қолдануға дайындау мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, Беларусь аумағындағы дайындалмаған аудандардан жасырын түрде орын ауыстыру және жауынгерлік міндеттерді орындау машықтары тексеріледі»,  – делінген ақпаратта.

Беларусь тарапы бұл оқу-жаттығулардың Одақтық мемлекет аясындағы жоспарлы шара екенін және үшінші елдерге қарсы бағытталмағанын мәлімдеді.

Айта кететін жайт, аймақтық шиеленістерге байланысты көптеген елдер ядролық қару жасау мәселесін қайта қарауға мәжбүр болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз