Дастан Сәтбаевтың «Қайрат» сапындағы соңғы ойыны қашан өтетіні белгілі болды
Жарияланды

Қазақстандық футбол тарихында бұрын-соңды болмаған трансфер жүзеге асуға жақын. Ұлттық құраманың белді шабуылшысы лондондық «Челсидің» сапына қосылып, АПЛ-да бағын сынамақ. Дастан Сәтбаевтың «Қайрат» жейдесіндегі соңғы қоштасу матчы ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланып отыр.
Бұған дейін лондондық клубтың тізгінін жаңадан ұстаған испаниялық Хаби Алонсо ресми түрде 1 шілде күні жұмысқа кіріседі. Жаңа бапкер «Челси» базасында алғашқы жаттығу жиынын өткізіп, команда футболшыларымен жақыннан таныса бастайды.
Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапындағы соңғы кездесуін 17 маусым күні «Қызылжарға» қарсы өткізеді. Жанкүйерлер үшін бұл кездесу тек кезекті турдың ойыны емес, отандық футбол тәрбиеленушісін Еуропаның топ-клубына шығарып салу салтанаты болмақ.