Мемлекет кәсіп бастағысы келетін 9 мың адамға грант беруге дайын

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

2026 жылғы 1 мамырға дейін 140 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Мемлекет кәсіп бастағысы келетіндер азаматтарға да грант беруге дайын. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 9 мың мемлекеттік грант қарастырылған. Жаңа бизнес бастауға 1 730 000 теңге беріледі.

Бұдан бөлек азаматтарды жұмыспен қамту үшін мемлекет бірнеше бағытта жұмыс істеп жатыр. Халықтың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы жалғасады. Жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне 16,9 мың адам оқытылып, оның 7,3 мыңы оқуын аяқтап, сертификат алды.

Тағы бір бағыттың бірі – субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру. Мұндай жұмыс орындарына 50,6 мың адам жолданды. Оның ішінде 37,6 мың адам қоғамдық жұмыстарға, 5,4 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 2,7 мың жас маман жастар практикасына, ал 4,9 мың адам «Күміс жас» жобасы аясында жұмысқа орналастырылды.

Жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес кадр даярлау мақсатында тағы 2 119 адам кәсіптік оқуға жіберілді. Бұл шара өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіпорындарды қажетті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп түсіндіреді ведомстводан.

Айта кетейік, мемлекет ұсынған грантты кәсіп бастағысы келетін кез келген азамат ала алады. Қаражат кәсіп ашуға және оны дамытуға қажетті құрал-жабдықтар, технологиялық техника мен өзге де керек заттарды сатып алуға беріледі. Толық мән-жайын мына жерден біле аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз