
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі «Музей түні» акциясы рекордтық көрсеткіш орнатты. Акцияның алғашқы күнінде-ақ өнер ордасына 15 100 адам барды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
«Әлемдер тоғысқан музей»
Биылғы мәдени шара «Әлемдер тоғысқан музей» тақырыбымен өтіп, ұлттық өнер мен заманауи форматтарды ұштастырған өте мазмұнды бағдарламаны қамтыды. Көрермендер үшін есігін айқара ашқан музей тек жәдігерлерді көрсетіп қана қоймай, нағыз мәдениет алаңына айналды.
Келушілер үшін келесідей қызықты шаралар ұйымдастырылды: Театрландырылған арнайы қойылымдар мен заманауи перформанстар, музыкалық концерттік бағдарламалар, интерактивті квест-ойындар мен шығармашылық шеберлік сағаттары.
Акция бүкіл Қазақстанды қамтыды
«Музей түні» ауқымды акциясы Алматымен ғана шектелмей, еліміздің барлық өңіріндегі музейлер мен музей-қорықтарында жалғасын тауып жатыр. Әр аймақ өз көрерменіне ерекше бағдарлама әзірлеген:
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы өнер мұражайына бір кеште 6 мыңнан астам жиналғаны туралы жазған едік.