Соңғы тоғыз жылда қазақстандықтардың жалақысы 41 пайызға өскен

2017 жылдан бері Қазақстан азаматтарының жалпы еңбекақы өсімі 41%-ды құрады. Қазақстан экономикасы соңғы үш жылда қарқынды дамып келеді. Ең белсенді өсім 2023 жылдан бастап тіркелген. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов айтты.
Оның айтуынша, жыл сайын ЖІӨ-нің нақты мәндегі өсімі бес пайыздан асып түсті. Бұл өте жоғары көрсеткіш.
«Нәтижелер ұзақ мерзімді кезеңде айқын көрінеді. Мәселен, 2017 жылдың басынан бері еліміздің ЖІӨ-сі нақты мәнде жиынтық түрде 39 пайызға өсті», – деді Қасенов.
Осылайша, тоғыз жыл ішінде Қазақстанның экономикалық өсімі әлемдік ЖІӨ-нің нақты өсімінен (30%) асып түсті. Вице-министр атап өткендей, бұл ілгерілеу жалақының артуына да оң әсер етті.«
«Осы кезеңде, яғни 2017 жылдың басынан бастап нақты жалақының жиынтық өсімі 41 пайызды құрап, ЖІӨ өсімінен асып кетті. Ендігі мақсатымыз алдағы жылдары да өсім қарқынын 5-6 пайыз деңгейінде сақтап, жоғары көрсеткіштерді қамтамасыз ету болып отыр. Сондай-ақ 2029 жылға қарай ЖІӨ көлемін 450 миллиард долларға жеткізу мақсаты да тұр», – деді Қасенов.
Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы орташа айлық 461 486 теңгені құрағаны хабарланған еді.