Атыраулық Сұлтан Сәрсемалиевке 13 бап бойынша айып тағылды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің аға журналисі
Сот Замера Хамидуллина / фото: Айгерім Таубай

Атырау облысында Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.

Қылмыстық істі қарап жатқан судья Замера Хамидуллина сотталушыға тағылған айыпты оқып шықты. Соған сәйкес, Сәрсемалиевке қылмыстық кодекстің 13 бабы бойынша айып тағылған. Олар:

қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру);

188-бабы 1-бөлігі (ұрлық)

384-бабының 2-бөлігі (Құжаттарды заңсыз алып қою);

190-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (алаяқтық);

190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы;

190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы;

99-бабының 2-бөлігі 1, 13-тармақтары;

188-бабының 3-бөлігі 2-тармағы;

384-бабының 2-бөлігі;

99-бабының 2-бөлігі 5, 13-тармақтары;

188-бабының 3-бөлігі 2-тармағы;

190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы;

190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды.

Сәрсемалиев өзін фото-видеоға түсіруге қарсылық білдірмеді. Сотталушыға төрт адамды өлтірді деген айып тағылып отыр. Одан бөлек ұрлық және алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр. 

Сұлтан Сәрсемалиев туралы не белгілі?

Сотта Сұлтан Сәрсемалиев білімі орта екенін, тұрақты жұмысы болмағанын айтты. Сөзінше, 2022 жылдың қыркүйегінде ажырасқан.

Сондай-ақ оқыңыз