
Атырау облысында Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.
Қылмыстық істі қарап жатқан судья Замера Хамидуллина сотталушыға тағылған айыпты оқып шықты. Соған сәйкес, Сәрсемалиевке қылмыстық кодекстің 13 эпизод бойынша айып тағылған. Олар:
қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру);
188-бабы (ұрлық)
384-бабының 2-бөлігі (Құжаттарды заңсыз алып қою);
190-бабының 3-бөлігі 1-тармағы (алаяқтық);
190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы;
99-бабының 2-бөлімі 1-3 тармақтары;
188-бабының 3-бөлігі 2-тармағы;
384-бабының 2-бөлігі;
99-баптың 2-бөлігінің 5-13 тармақтары;
188-бабының 3-бөлігі 2-тармағы;
190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы;
190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы.
Материал толықтырылып жатыр.