41 жастағы Криштиану Роналду алтыншы рет Әлем чемпионатына қатысады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Криштиану Роналду, Португалия, чемпионат мира
фото: fabrizioRomano

Футболдан Португалия ұлттық құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы Әлем чемпионатына құрамын жариялады. Бас бапкердің таңдауымен ұлттық құраманың аңызы «Әл-Наср» шабуылшысы, 41 жастағы Криштиану Роналду тізімге енді.

Осылайша, Роналду футбол тарихында тұңғыш рет алтыншы рет Мундиалда бақ сынайтын жалғыз ойыншы ретінде рекорд орнатқалы тұр. Ол өзінің алғашқы Әлем чемпионатына осыдан тура жиырма жыл бұрын, 2006 жылы Германияның жасыл алаңдарында доп тепкен. Одан кейін 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдардағы дүниежүзілік додаларда Португалия намысын қорғады.

Португалия құрамасының жұлдызды құрамы

Криштианудан бөлек, Португалия құрамасының Әлем чемпионатына баратын өтініміне Еуропаның топ-клубтарында өнер көрсететін келесідей ойыншылар енді:

Қақпашы: Диогу Кошта Қорғаушылар: Нуну Мендеш, Рубен Диаш, Жоау Канселу Жартылай қорғаушылар: Витинья, Бруну Фернандеш, Бернарду Силва Шабуылшылар: Рафаэль Леау, Жоау Феликс, Гонсалу Рамуш және т.б.

Криштиану Роналду ұлттық құрамалар деңгейінде гол соғудан әлемдік рекордты жаңартып келеді. Бүгінгі таңда Португалия жейдесінде 226 матч өткізіп, 143 голдың авторы атанған. Шабуылшы бұл көрсеткішін алдағы Мундиалда одан ары еселей түсуді көздейді.

Топтық кезеңдегі қарсыластар

Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Португалия құрамасы К тобында Өзбекстанға қарсы ойнайды. Сондай-ақ бұл топта Колумбия мен ДР Конго өнер көрсетеді.

    Еске сала кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Бұл турнирде тұңғыш рет әлемнің түкпір-түкпірінен 48 ұлттық құрама бақ сынайды. Қазақстандық жанкүейрлер Әлем чемпионатын Qazsport пен Qazaqstan арналарынан көре алады.

    Бұған дейін Бразилия құрамасы да ойыншылардың тізімін жариялап, құрамаға ұзақ үзілістен кейін Неймар қайта оралды. Сондай-ақ Роналдуның замандасы Лука Модрич те 40 жасында Хорватияның намысын қорғамақ.

    Сондай-ақ оқыңыз