Мұхтар Әуезовтің бұрын жария болмаған фотосы табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған сәті
Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған сәті

Қазақ әдебиетінің классигі, әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов бейнеленген сирек фотосурет табылды.

Көпшілікке бұрын беймәлім болып келген бұл тарихи кадрда қаламгердің қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ ойнап отырған сәті көрініс тапқан. Өз уақытында Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнын қайта жандандыруға қосқан біршама үлес қосқан.

Фотосуретті «Алматыкітап» баспасының қызметкерлері тауып, Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті, Binom мектептер желісінің басшысы Шолпан Қадыроваға хабарласып, сүйіншілеген.

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Байменовтің айтуынша, фото 1950 жылы түсірілген. Қазіргі таңда суреттің түпнұсқасы мен түсірілген орнына қатысты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Кеңестік идеология қысымымен, жалпы ұлттық руханият, соның ішінде тоғызқұмалақ жоғалып кетер тұста Мұхтар Омарханұлы мен Қалибек Қуанышбаев бастап, ойынның ережелерін қайта жаңғыртып, жарыстар өткізген. Енді осының бейне дәлелі табылып отыр. Бұған дейін құжаттардан білдік те, біз айтып отырған суреті болмап еді»,– дейді Әлихан Байменов.

Айта кететін жайт, Ұлттық кітапхана Мұхтар Әуезовтің ғылыми-зерттеу кабинеті жабылады деген ақпаратты ресми түрде теріске шығарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз