Ресей ядролық қару қолдану бойынша ауқымды әскери жаттығу өткізіп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock

Ресей 19–21 мамыр аралығында «агрессия қаупі жағдайында» ядролық күштерді дайындау және қолдану бойынша әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр.

Interfax ақпаратына қарағанда, бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, оқу-жаттығуға Стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлері, Солтүстік және Тынық мұхиты флоттары, алыс қашықтықтағы авиация қолбасшылығы, сондай-ақ Ленинград және Орталық әскери округтерінің бірқатар күштері тартылған.

Министрлік «бұл жаттығулардың мақсаты — агрессия қаупі туындаған жағдайда ядролық күштердің дайындығын тексеру және оларды қолдану іс-қимылдарын пысықтау» екенін атап өтті.

Кеше Беларусь Қорғаныс министрлігі Ресеймен бірлесіп ядролық қару қолдану сценарийлерін пысықтаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз