Тағы бір ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ерлан Смайылов Май ауылдық округінің әкімі
Ерлан Смайылов әкім қызметінде бар болғаны төрт ай отырды / фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, шенеунік өз-өзіне қол жұмсаған. Қаралы хабарды Halyqstan телеграм-арнасы таратты.

Төрт ай әкім болған

Қайғылы оқиға дүйсенбі күні болған. Нақты себептері анықталып жатыр. Басқа мәлімет жоқ.

Ерлан Смайылов 1977 жылғы желтоқсанда Май ауылында дүниеге келген. 2000-2005 жылдары математика және физика пәнінің мұғалімі болған. Ол 2026 жылғы 17 ақпанда ғана Май ауылдық округіне әкім боп барған.

Ауыл әкімдері жиі өліп жатыр

Кейінгі уақытта Қазақстанда ауыл әкімінің қазасы туралы мәлімет жиілеп кетті. Мәселен, биыл 6 мамырда Ақтөбе облоысы Кеңкияқ ауылдық окгругінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановтың денесі табылған. Ал 2025 жылғы желтоқсанда Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз-өзіне қол жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыз