Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралатынын айтты

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Жәнібек Әлімханұлы рингке оралады
Жәнібек Әлімханұлы рингке оралады/ фото: kursiv.media

Орта салмақтағы бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралатынын айтты.

33 жастағы Жәнібек Әлімханұлы қазір допинг дауына байланысты спорттан уақытша шеттетілген. Оның қанынан тыйым салынған зат табылған болатын.

Дегенмен 2026 жылдың 6 желтоқсанынан кейін Әлімханұлы рингке қайта шыға алады. Боксшы әлеуметтік желіде рингке оралу мерзіміне қатысты жаңа мәлімдеме жасады.

«Мен бокс қолғабын алғаш рет 6 жасымда кидім, содан бері 27 жыл өтті. Әлі рингтемін. Біз рингтің осы төрт бұрышында небір жағдайларды көрдік, алда әлі талай асулар бар. Мен рингті сағындым, жанкүйерлердің де бізді сағынғанын білемін. Желтоқсан айында мен әлем чемпионы атағымды қорғаймын», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетерлігі, жақында Әлімханұлының командасы WBO ұйымына дисквалификация мерзімін қысқарту немесе оның күшін жою туралы өтінішпен апелляция берген. Алайда жағдай әлі өзгерген жоқ.

Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсанында Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен үш титул үшін жекпе-жекке шығуы керек еді. Кездесу алдында қазақстандық боксшының ағзасынан тыйым салынған мельдоний заты табылып, айқас өтпей қалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз