Елдегі автокөліктердің жартысына жуығы 20 жылдан асқан

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Елде тіркелген көліктердің саны 6 миллионнан асты / Фото: shutterstock

Сәуір айында Қазақстанда 176,5 мың автокөлік тіркеуге қойылды. Оның көбі жеңіл автокөліктер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің деректеріне сілтеме жасаған Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Бір ай ішінде қазақстандықтар 154,2 мың жеңіл автокөлік, 11,3 мың жүк көлігі, 1,5 мың автобус және 1,9 мың мопедті тіркеуге қойған.

Осылайша, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы автокөлік саны шамамен 6 миллионға жетті. Оның 83,9%-ы – жеңіл көліктер.

Елдегі көліктердің басым бөлігі 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып жүрген автокөліктер. Олардың үлесі 45,1%-ды құрайды. Ал 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктердің үлесі 26,6%, 3 жылдан 7 жылға дейінгілері – 9,4%, 7 жылдан 10 жылға дейінгілері – 4%, ал 3 жылдан аз уақыт пайдаланылған көліктер – 14,6%.

20 жылдан асқан көліктер ең көп тіркелген өңірлер қатарында Алматы облысы көш бастап тұр, бұл аймақта 337,9 мың көлік бар. Одан кейін Алматы қаласы – 226,7 мың, Жамбыл облысы – 206,3 мың және Қарағанды облысы – 192,8 мың көлік.

Еске салсақ, Қазақстанда қауіпті жүргізушілерді ерте анықтайтын ЖИ жүйесі іске қосылады.

Сондай-ақ оқыңыз