Алматыда БРТ құрылысы ЛРТ жобасына байланысты тоқтап қалуы мүмкін

Жарияланды
 Фото: gov.kz бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
Фото: gov.kz бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Алматыда БРТ (Bus Rapid Transit) желісінің құрылысы болашақта бұл жерде ЛРТ салу үшін тоқтатылуы мүмкін.

Жұмыс аяқталып қойған учаскенің тағдыры не болатыны әзірге белгісіз. «Қазіргі уақытта құрылыс тұрып қалды» деп мәлімдеді жол қозғалысын ұйымдастыру саласының сарапшысы Елжан Шүпеков.

«Осы күнге дейін БРТ жобасын жүзеге асыру туралы шешім қабылданып келген еді. Алайда енді ЛРТ құрылысын іске асыру міндеті қойылды. Тәртіп бойынша, дәл осы учаскеде екінші деңгеймен жүреді. Қоғамдық көлік қозғалысының бір-бірін қайталамауы үшін, бүгінгі таңда (БРТ – ред) жобасы қайта қаралып, оң жақ шеткі жолақпен қоғамдық көлік қозғалысы зерттеліп жатыр. Сол себепті қазіргі уақытта жобаны іске асыру шағын мерзімге уақытша тоқтатыла тұрды», – деп түсіндірді Шүпеков.

Оның пайымдауынша, Райымбек даңғылындағы Емцов көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі БРТ учаскесі бұзылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, даңғылдағы БРТ жобасын жүзеге асыруға қала бюджетінен 39,9 млрд теңге бөлінген болатын. Құрылыс 2025 жылдан басталып, қаланың ең көп жүктеме түсетін басты көлік күретамырларының бірінде бірден бұрынғыдан да үлкен кептелістер тудырды.

Бастапқыда Райымбек даңғылындағы БРТ Желтоқсан көшесіндегі дәл сондай арнайы жолақпен қосылуы керек еді. Желтоқсандағы жолақ 2025 жылдың желтоқсанында іске қосылған болатын.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, LRT-ның алғашқы желісінің құрылысына дайындық басталып кеткен. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Қорытынды 2026 жылдың шілде айында шықпақ.

LRT ұзындығы 18,3 шақырым болмақ. Алғашқы LRT желісі Төле би көшесімен өтіп, әрі қарай Абылай хан даңғылы арқылы Алматы-2 вокзалына дейін, сондай-ақ Момышұлы көшесі арқылы Алатау ауданындағы Индустриялық аймаққа дейін барады.

Сонымен қатар, Алматыда LRT салу үшін 300-ге жуық жер учаскесі мемлекет меншігіне алынбақ.

Сондай-ақ оқыңыз