«Ата-анасын сұрамайды»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің балалары қандай жағдайда тұрып жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Атырауда сот процесі өтіп жатыр/фото: Айгерім Таубай

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі басталды. Ол өзіне тағылған айыпты мойындап, ең ауыр жазаны арқалауға дайын екенін жеткізді.

Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 2022 жылы заңды түрде ажырасқан, алайда одан кейін де бірге тұра берген. Екеуінің ортақ екі ұл, үш қызы бар.

Атырауға келген KursivMedia тілшісі балалар орналасқан мекемеге барып, олармен жұмыс істеген психологпен әңгімелесті. Балалар көпшіліктен оқшауланған, сабағын да орталық ішінде оқиды.

Сұлтан мен Ақбаянның 3-9 жас аралығындағы төрт баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Кішкентайы жасына байланысты басқа орталыққа орналастырылған.

«Әжесін қатты іздейді»

Психологтың айтуынша, балалар жасына сай дамыған.

«Осы отбасының үш баласы орталыққа ақпанда келді. Екеуі мектеп жасында, бірі төрт жаста. Басында үйрену жағы қиын болды, бірақ ренжу, агрессия танытқан жоқ. Бала орташа деңгейде үйреніп кетті. Сәуірде үш жастағы төртінші баласы бізге ауысты. Балалардың бойында қорқыныш, үрей, мазасыздық жоқ», – дейді психолог.

Психологтың айтуынша, балалар отбасында жанжалдың куәсі болмаған. Себебі қатты шыққан дауыстан үрейленбейді.

«…Ата-әжесінің қолында тәрбиеленгені көрініп тұр. Бір-біріне бауырмал. «Мама-папа» деп жатқан жоқ, ата-әжесіне жақын. Әжесін қатты іздейді. Әжесі әр апта сайын келіп тұрады. (…) Ата-анасын көп сұрамайды, ата-әжесін сағынғанын айтады.

Айта кетейік, Сәрсемалиевке қылмыстық кодекстің 13 бабы (адам өлтіру, ұрлық, алаяқтық, бөтеннің құжатын заңсыз пайдалану) бойынша айып тағылған.

Атыраудағы жұмбақ өлім

2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысы полициясы іс-түссіз жоғалған бір отбасының 4 адамына іздеу жариялады. Кейінірек полиция олардан бөлек осы отбасының қызы мен күйеу баласы да жоғалғанын мәлімдеді.

Оларды іздеу барысында ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі өздері тұрған үй аумағынан табылды. Істе бастапқыда отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев күдікті деп танылды. Ал оның әйелі (жоғалған отбасының кенжесі – ред.) Ақбаян Мұқанғалиеваға хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша іздеу жарияланды

Содан кейін екеуінің де күдікті деп танылғаны айтылды. Олар Индонезияда ұсталды. Күдіктілерді ұстауға Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз