Блогер Сәуле Ермаханова пластикалық ота кезінде кенеттен қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: instagram

Танымал қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базархан пластикалық ота жасату кезінде жүрек ұстамасынан кенеттен көз жұмды. Қайғылы оқиға «Smart Beauty Clinic» пластикалық хирургия клиникасында болған. Бұл туралы белгілі журналист Михаил Козачков хабарлады.

Журналист мәліметінше, қайғылы жағдай ота басталмай тұрып орын алған. Қазіргі уақытта клиника ғимараты құлыптаулы тұрғанымен, желіде емделушілерді қабылдауға онлайн-жазылу әлі де жүріп жатыр.

Сонымен қатар, 2ГИС платформасындағы пікірлерде де желі қолданушылары бұл ақпаратты растап:

«Осы жерде абдоминопластика отасы кезінде Сәуле Базархан қайтыс болды», – деп жазған.

Гүлзира Айдарбекова қаралы хабарды жеткізді

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өзіне сіңлісіндей болып кеткен кәсіпкер Сәуле Базарханның дүниеден өткенін растап, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Алайда продюсер өлімнің нақты себебін ашып айтқан жоқ.

Клиниканың жауабы

«Қазіргі уақытта клиникада түсініктеме беру үшін ешқандай ресми ақпарат жоқ», – деп жауап берді.

Осылайша, клиника әкімшілігі қайғылы жағдайды ресми түрде растамады, бірақ теріске де шығармады.

Сондай-ақ оқыңыз