Қазақ қызы Әсел Робертс АҚШ-тың Словениядағы елшісі атанды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Әсел Робертс, АҚШ-тың Словениядағы елшісі
Әсел Төленова 90-жылдардың басында АҚШ-қа қоныс аударған / фото: Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі

АҚШ Сенаты қазақ қызы Әсел Робертсті (Төленова) Құрама Штаттардың Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындады. Оны бұл қызметке америкалық президент Дональд Трамп ұсынған.

«Виджиниялық Әсел Робертс Америка Құрама Штаттарының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», – деп жазылған Сенат сайтында жарияланған мәліметте.

Оның кандидатурасын 125 сенатор қолдаған. Дауыс беру 18 мамырда өткен.

Әселді жаңа қызметке тағайындалуымен Қазақстанның Вашингтондағы елшілігі де құттықтады.

«Әсел Робертс ханымды АҚШ-тың Словениядағы Елшісі лауазымына бекітілуімен шын жүректен құттықтаймыз. Ол – АҚШ тарихында елші дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ қызы. Жаңа қызметіне толағай табыс тілейміз. Іске сәт!» – деп жазды қазақ елшілігіндегілер Facebook-тегі парағына.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, Әсел Төленова 1976 жылы Қазақстанда туған. 90-жылдардың басында АҚШ-қа қоныс аударып, сол елде мектеп бітірген. 1993-1998 жылдары Джорджтаун университетінде білім алған.

1999 жылдан бастап АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ақ үйдің хаттама қызметінде жұмыс істеген.

Сондай-ақ оқыңыз