Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 21 мамырға ауа райы
Жарияланды

Қазгидрометтің ресми болжамы бойынша, 21 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады.
Елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында солтүстік циклонның әсерінен күн суытып, жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, дауыл тұруы және кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Батыс және оңтүстік аймақтарда оңтүстік циклонның ықпалы сақталады. Бұл өңірлерде де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бірақ ауа температурасы жоғары деңгейде қалып, күндіз 27-35 градусқа дейін ысиды.
Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Республиканың басым бөлігінде найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.