
Танымал американдық әнші, The Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі әрі актриса Николь Шерзингер (Nicole Scherzinger) Қазақстандағы өнер көрсетуінен кейін өзінің әсерімен бөлісіп, Threads әлеуметтік желісінде қазақстандық жанкүйерлеріне арнайы алғыс білдірді.
Әлемдік поп-жұлдыз сахнада өнер көрсетіп жатқан сәтінен эксклюзивті сурет жариялап, Қазақстан туын қалдырған.
«Сахнада барынша көп адаммен тіл табысып, бір толқында болудан артық жақсы көретін ештеңем жоқ! Өзім бәрінен де қатты жақсы көретін ісіммен — ән айтумен айналысып, әлемді шарлап жүргеніме шексіз ризамын! Рахмет, Қазақстан (Thank you KZ!)», — деп жазды әнші өзінің ресми парақшасында.