Алматы қаласында 25 жастағы Ерзатты іздестіріп жатыр

Алматы қаласында 25 жастағы жігітті екі күннен бері іздестіріп жатыр. Ерзат Егізбай 19 мамырда түсте жұмыстан сұранып шығып, содан бері үйге оралмаған.
Дүкенге сұранып шыққан
Жас жігіттің туыстары бір күн бұрын дабыл қақты. Олардың айтуынша, Ерзат 19 мамырда түскі сағат 14:00 шамасында, бұрынғы Саяхат автовокзалы ауданындағы «жұмыстан сұранып шыққан». Содан бері хабар жоқ.
«Телефоны өшірулі. Қоңыр жемпір, қоңыр жеңсіз жейде, қара кепкі, қара шалбар киген. Бойы – 1,65 м. Сақалды жігіт», – деп сипаттады жоғалған жігітті туыстары.
Ерзат бүгін де табылмағанын туыстары тағы жазды.
«Туған қайным түсте жұмыстан дүкенге сұранып кеткен. Содан бері ұшты-күйлі жоқ», – дейді Ерзаттың жеңгесі.
Еріктілер қосылды
Әлеуметтік желі қолданушылар жас жігітті әскерге алып кеткен шығар деп болжаған. Бірақ туыстары әскери билеті бар Ерзатты комиссариттан да іздестірген, бірақ таба алмаған.
Іздестіру жұмыстарына еріктілер де қосылды. Оларда Алматы қаласының және Алматы облысының әскери комиссариаттарын тексеріп шыққан. Таппаған.
Еріктілер жоғалған Ерзат Егізбайды көргендер болса, мына телефондарға хабарласуды сұрайды: +7 705 105 31 31; +7 701 375 92 91 немесе 102.