Lifestyle

«Медаль емес, үй берілді»: Актриса Анар Әділова Ақордада көз жасына ерік берді

фото: instagram

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Ақордада өткен салтанатты жиында күтпеген жағдай орын алды. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белгілі актрисасы Анар Әділова күтпеген жерден жаңа пәтердің кілтіне ие болды. Бұл туралы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы хабарлады.

«Алматыдан медаль үшін келіп едім…»

Салтанатты сәтте толқынысын жасыра алмай, көзіне жас алған өнер иесі өз әсерін жеткізді:

«Марапат аламын деп келіп едім, күтпеген жерден үйлі болдым! Өзім Алматыдан тек медаль аламын деген оймен келгенмін. Бірақ Астанада мені мүлдем басқа, үлкен сыйлық күтіп тұр екен».

Актрисаның қуанышы желі қолданушыларының да жүрегін елжіретті. Көпшілік өнерпазды жаңа баспанасымен жарыса құттықтап жатыр.

Бұдан бөлек, Тоқаев мәдениет саласындағы қызметкерлерін марапаттаған еді. Сондай-ақ, Алматыдағы өнердегі қызметкерлерді марапаттады.