Оңтүстік Корея әртістері Алматыға келіп, сериал түсіріп жатыр

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Чхи Чжан УК
Оңтүстік Корея, Алматы дорама түсірілім

Оңтүстік Кореяның танымал кино компаниясы мен отандық «Atadala» продакшны бірлесіп, жаңа сериал дайындап жатыр. Ел аумағында түсірілген телехикая келесі жылы жарыққа шығады.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, сериал Ұйғыр ауданындағы Дардамты ауылында, Айлы және Қара шатқалдардың аумағында , Қонаев қаласындағы Іле өзенінің жағалауында түсіріледі. Шығармашылық топ өкілдерінің айтуынша, телехикаяның локациясы үшін Қазақстанның таңдалуы бекер емес. Олар алуан түрлі табиғи ландшафттар көркем түсірілім жасауға өте қолайлы деп есептейді.

Жобаның бас продюсері – Руслан Пак. Сериалдың көрсетілімі 2027 жылға жоспарланған. Түсірілім жұмыстарын ұйымдастыруға Алматы облысындағы қонақүйлер, қоғамдық тамақтану орындары, көлік қызметтері пайдаланылған. Жергілікті тұрғындар да тартылған.

Әзірге қандай сериал екені, оның атауы, шығармашылық құрамы қандай екені белгісіз. Дегенмен әлеуметтік желіде тараған ақпарат сүйенсек, телехикаяға түсу үшін актер Чи Чхан-ук арнайы келуі мүмкін. Ол «Патшайым Ки» дорамасымен көпке танылған. Актер Алматыдан бөлек Бозжыраға да барып, түсірлім жасайды деген қауесет тараған. Бірақ шығармашылық топ продюсерлері бұл деректі растаған жоқ.

Оқи отырыңыз: 2026 жылдың ең тартымды дорамалары

Сондай-ақ оқыңыз