Қарағандыда үнді студенті терезеден құлап өлді

Қарағандыда Үндістаннан келген 21 жастағы медицина университетінің студенті терезеден құлап, қайтыс болды.
«Патриот» ақпаратына қарағанда, студент Халықаралық медицина факультетінің соңғы курсында оқыған.
17 наурыз күні ол өзі тұрған жатақхананың бесінші қабатындағы бөлменің терезесінен құлап кеткен. Кейін оның денесі туған еліне жөнелтілген.
Полиция мәліметінше, өлім фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері өткізілген. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс жабылды. Қарағанды облыстық полиция департаменті бұл оқиғаны «жазатайым жағдай» деп есептейді.
Халықаралық медицина факультетінің деканы Қасым Сәрсенбаев оқу орнында шетелдік студенттерге қысым көрсетілмейтінін мәлімдеді.
Қазақстанда Үндістаннан келген студенттердің қаза болуы алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Мәселен, 2026 жылы Алматы-бішкек тас жолында жол апаты кезінде екі үнді студенті опат болған. Үшеуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Үш күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан студенттің бірі қайтыс болды.
Сондай-ақ Шымкентте қауіпсіздік талаптары сақталмаған пәтерін үндістандық студенттерге жалға беріп, кісі өліміне себепші болған зейнеткер 4 жылға сотталған еді.