Экономика

Қазатомөнеркәсіп акциялары бір айда 22,3 пайызға құлдырады

Менеджера «Казатомпрома» осудили за торговлю ураном
Қазатомөнеркәсіп / фото: Kursiv Media

Әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания – «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының құнды қағаздар нарығындағы жағдайы соңғы уақытта инвесторлардың алаңдаушылығын тудырып отыр. Биржадағы мәліметтерге сәйкес, ұлттық компанияның акциялары айтарлықтай төмендеу динамикасын көрсетуде. 21 сәуірде 12:12 де түскі сесияда компанияның бір дана акция құны 32 790 теңгеге дейін түскен.

Негізгі көрсеткіштер

Қор биржасындағы соңғы мәліметтер акция құнының қысқа мерзім ішінде қатты арзандағанын көрсетеді:

  • Соңғы бір аптадағы құлдырау: -5,7%
  • Соңғы бір айдағы (1M) құлдырау: -22,3%

Бір айдың ішінде құнның бестен бір бөлігінен астамын жоғалту – ірі көлемді компаниялар үшін нарықтағы өте күшті сигнал болып саналады.

Құлдыраудың басты себебі: JP Morgan шешімі

Акция бағасының бұлайша күрт төмендеуіне халықаралық қаржы институты JP Morgan тарапынан жасалған мәлімдеме тікелей әсер етті.

Америкалық ірі инвестициялық банк «Қазатомпром» акциялары бойынша өзінің ұсынысын (рекомендациясын) төмендетті. Әдетте, әлемдік деңгейдегі мұндай беделді қаржы ұйымдары эмитенттің акцияларын сатып алу немесе ұстап тұру бойынша рейтингін төмендеткен кезде, институционалдық және жеке инвесторлар тәуекелді азайту мақсатында құнды қағаздарды жаппай сата бастайды. Бұл өз кезегінде бағаның төмен қарай сырғуына (даунтрендке) әкеледі.

Айта кетейік, Қазатомөнеркәсіп үш айда уран өндірісін 9%-ға арттырды